17
август
2017
Мектеп тәлімгерінің 2016 – 2017 оқу жылындағы жылдық есебі
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Р.Р.Есеева _______
Қалалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының
2017 – 2018 оқу жылына арналған
жылдық жұмыс жоспары
Мақсаты:
•Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
•Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани – адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
•Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру;
•Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
•Балалар мен жасөспірімдердің зиянкерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
•Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Мазмұны
І. Мектеп тәлімгерінің 2016 – 2017 оқу жылындағы жылдық есебі 1 – 15
ІІ. Мектеп тәлімгерінің 2017 – 2018 оқу жылына арналған жылдық жоспары 16 – 25
Қыркүйек айының 1– күні «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» атты білім күніне арналған мерекелік іс – шара өткізілді. 1 – Қыркүйек айрықша мәні бар, айтулы «Білім» күні.
22 – қыркүйек тілдер мерекесі күніне орай «Тіл -достықтың айнасы» атты мекрекелік іс – шара үш тілде өткізілді. Осы мерекелік іс – шарада 7- сынып оқушылары әдеби мантаж ұсынып. «Рух пен тіл» атты хор айтып, күй қобызын тарту етті.
Осымен қоса«Жас Ұлан» ұйымы «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл » деп мақал мәтелдер айтты.
1 - қазан ұстаздар күніне орай «Ұстазым саған мың алғыс» атты мерекелік кеш өткізілді. Осы іс – шарада «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы ұстаздарға арнап өлен шумақтарын оқып, өнерлерін көрсеті. Қабырға газеттерін шығарып, құттықтау қағаздарын таратып, ардагер ұстаздарымызды мерекелік жиынға шақырып сый сиапатарын ұсынды.
28.09 - 10.10.2016 күндері аралығында «Қамқорлық» атты қайырымдылық акцисының жоспары құрылып бекітілді. Акцияны тәлімгер мен әлеуметтік педагог бірге ұйымдастырды. Жоспар бойынша 5 сыныптар аралығында «Мейірімді жүрек» атты қабырға газеттерін шығарылды. «Сенің көмегің -балаларға тірек» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Қарттарым аман сау жүрші!» атты «Жас Ұлан» ұйымы қарттармен кездесіп көмек көрсетті. «Қайырымдылық – имандылық белгісі» атты «Жас Ұлан» ұйымы дөңгелек үстел өткізді. 5 - 8 сыныптар аралығында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты акция болып азық –түлік пакеті мен оқуға қажетті құралдар жинақталды.
Қайырымдылық акцияда салынған қабырға газеті мен оқуға қажетті құралдар
«Жас Ұлан» ұйымы қариялармен кездесіп көмек көрсетуде
2016 жылдың 5- қазан күні «Күз мереке, күз береке» атты күзгі акция 2- 8 сыныптар арасында жәрменке өткізілді.
2016 жылдың 29 қазан күні жоспар бойынша 7 – 8 сынып оқушылары арасында «Күз патшайымы – 2016» байқауы өткізілді. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
Бас жүлде 8 «А» сынып Ибрагим Аймекен иеленді
18 қараша күні жоспар бойынша 1-2 сынып оқушылары арасында «Күз патшайымы – 2016» байқауы өткізілді. «Күз патшайымы - 2016» байқауында оқушылар төмендегі 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Әділқазылар алқасы байқаудың әр кезеңі бойынша жеке-жеке тоқталып, талдап, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттаптады. Бас жүлдені 1 "А" сынып оқушысы Омархан Мерей иеленді.
25 қараша күні мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасын сайлауы өтілді.
25 қараша күні сайлауға қатсықан 9 үміткер өздерінің бағдарламасын мектеп оқушыларына таныстырды.
Сайлауға 9 - үміткер қатысты.
1.9 «А» сынып оқушысы Башимова Әсем
2.9 «Б» сынып оқушысы Дарханұлы Айдос
3.9 «В» сынып оқушысы Оразбайқызы Іңкәр
4.9 «Г» сынып оқушысыҚалиев Садуақас
5.8 «А» сынып оқушысы Балабек Айгерім
6.8 «Ә» сынып оқушысы Жарылқапбай Айгерім
7.8 «Б» сынып оқушысы Асылбекова Асылжан
8.8 «В» сынып оқушысы Досаева Әсем
9.8 «Г» сынып оқушысы Қалдар Мұхасан
Мектеп ұланбасын сайлауына6 - 10 сыныптан400 оқушы қатысты. Сайлаушы оқушыларға арнайы жеке белютендер таратылып,жауаптары жасырын түрде жәшікке жинақталды. Сайлау қорытындысы бойныша үміткерлер төмендегі нәтиже көрсетті.
р/с Аты-жөні Сыныбы Жинаған ұпайы
1Башимова Әсем9 «А» 24
2Дарханұлы Айдос9 «Б» 52
3Оразбайқызы Іңкәр9 «В» 49
4Қалиев Садуақас 9 «Г»24
5Балабек Айгерім8 «А» 72
6Жарылқапбай Айгерім8 «Ә»24
7Асылбекова Асылжан8 «Б»59
8Досаева Әсем 8 «В»14
9Қалдар Мұхасан8 «Г» 43
Ұланбасы болып ең көп дауыс жинаған үміткер 8 «А»сынып оқушысы Балабек Айгерім «Ұланбасы» болып тағайындалды.
Сайлау «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Ұланбасын» сайлау туралы ережесіне сәйкес өткізді.
Сайлауға түскен үміткерлер
Оқушылар үміткерлерімізге дауыс беруде
2016 жылдың 30 қараша күні 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы мүшелері мерекелік іс – шарада өз өнерлерін көрсетіп, Ел басына арнауларын оқып, әдеби мантажды қойылымдар қойылды. Осы мерекелік іс – шарада 200 дауыспен жеңіске жеткен мектептің Ұланбасын таныстырып, құттықтады.
15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты кешінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатары толықтырылды.
Меркелік кешке келген қонақтарымыз Нұр Отан партиясының Тараз қалалық маслихатының депутатық фракциясының мүшесі, «Даймонд» әмбебап сауда орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры - Мауленов Нариман Бөлдешұлы, Ораз ата мен Қапар ата және мектеп директоры Р.Р. Есеева арнайы төсбелгі мен галустікті тарту етті. 5 «Ә» сынып оқушысы Айбек Ислам «Жас Ұлан» ұйымының құрамына кірген оқушалардың атынан АНТ қабылдады.
«Жас Ұлан» ұйымына 5 сыныптардан 20 оқушы, «Жас Қыран» ұйымына 2 сыныптардан 35 оқушы қабылданды.
«Тәуелсіздік егіз ұғым» атты тақырыбында қабырға газеттерін шығарды.
25 қаңтар күні жоспар бойынша 5 сынып оқушылары арасында «Ас адамның арқауы» атты байқауы өткізілді.
«Ас адамның арқауы» байқауы 5 кезең бойынша өтті.
Әділқазылар алқасы байқаудың әр кезеңі бойынша жеке-жеке тоқталып, талдап, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттаптады. Бас жүлдені 5 «Г» сыныбы – «Берекелі дастархан» тобы иеленді
3 ақпан күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйым мүшелерінің ай сайынғы отырысы өткізілді.
Ұланбасы Балабек Айгерім ақпан айында жүргізілетін жұмыстарға жеке –жеке тоқталып, атқарылатын жұмыстармен таныстырылды.
«Менің сүйікті ертегім» атты тақырыбында 4 – сынып оқушылар арасында ертегілер кейіпкерінің суреттерін салу, «Қыс керемет атты» 3- сыныптар арасында шығарма байқауы өтілетіндігі айтылып, «Жас Қыран» ұйымы мүшелеріне жүктелді.
«Мектептегі қызықты сәттер» тақырыбында 7- 8 сыныптар арасында көңілді тапқырлар сайысының өткізілуі және ай сайынғы қарияларға көмек көрсету керектігі айтылып, «Жас Ұлан» ұйым мүшелеріне жүктелді.
«Жас Қыран» ұйым мүшелерінің арасында «Менің сүйікті ертегім» ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Ақпан айында «Жас Қыран» ұйым мүшелері 4 – сыныптар арасында «Менің сүйікті ертегім» атты тақырыбында ертегі кейіпкерлердің суреттерін салды.
25ақпан күні жоспар бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында «Мекткптегі қызықты сәттер...» байқауы өткізілді. «Мектептегі қызықты сәттер...» байқауында оқушылар 2 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Әділқазылар алқасы байқаудың әр кезеңі бойынша жеке-жеке тоқталып, талдап, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттаптады. Бас жүлдені 8 «А» сынып оқушылары «Танымасан танып ал!» топтары иеленді.
«Мектептегі қызықты сәттер...» көңілді тапқырлар сайысынан көрініс
24 ақпан күні «Жас ұлан» ұйымы қарияларға көмек көрсету мақсатында аймақ бойынша тіркелген үлкен қарияларымыз Пошқұлов Әзімхан атаның үйіне алып бардым.
Пригродная көшесі №17 үйде тұратын Пошқұлов Әзімхан атаның үйінде ең алдымен оқушылар атаның жағдайын сұрап, өткен өміріндегі қызықты әңгімелерін тыңдап, қандай көмек керектігін сұрады. Әзімхан ата мектеп оқушыларына білімін берген ұзтаз екенін айтып, қазіргі таңда зейнетте екенін айтты.Әзімхан атаның балалары өсіп-өнген, немерелері жоғары оқу орындарында білім алып, жиі хабарласып тұратынын айтты. «Жас ұлан» ұйымы Әзімхан атаның әңгімесін мұқият тыңдап болған соң ауласын сыпырып, тырмалап, тазалық жұмысына көмек көрсетті.
«Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуаллды
сайысына қатысу туралы мәлімет.
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының жіберген хатын негізге ала отырып, «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуаллды сайысынамектеп командасын қатыстыру туралы өтініш жіберілді.
Сайыстың ережесімен танысып, мектептің 10 және 16 жастағы оқушылардан құралған КТК командасын шығарып, ақпанның 1 жұлдызында іріктеу кезеңінен өттік.
2017жылдың ақпан айының 15 күні «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуаллды сайсының соңғы шешуші кезеңінде, Өмірбек қырандары командасы Қалалық «Жайдарлы Жас Ұлан» көңілді тапқырлар ойынына белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапаталды.
7.03.2017 ж күні мектебімізде «Ана өмірдің гүлі» тақырыбында іс – шара өтті.
10 «А» сыныбы қабырға газетін шығарды және сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Жас Ұлан» ұйымына оқушылар ұстаздарды құттықтап құттықтау қағазын ұсынды.
Іс – шараны мектебіміздің ұстаздары Н.Маратқызы, О.Хужанова, А.Кенішова және тәлімгерге жүктелді. Іс – шара өз деңгейінде өтті. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының оқушылары белсене ат салысты. «Ай – ару» тобы «Қазақ қыздары» биін биледі. Хайдар Райан әсем даусымен әндерін айтты. 2 сынып «Жас Қыран» ұйымының оқушылары «ана, ұстаз» туралы тақпақтарын айтты. 8 сынып қыздары «Рухты ару» әнін орындады. 8 – 10 сынып оқушыларынан құралған «Өмірбек қырандары» КВН командасы қызықты әзілдерін ұсынды. 10«Ә» сынып қыздары заманауи билерін биледі. Жиын соңында мектебіміздің директоры Р.Р.Есеева сөз алып ұстаздар мен оқушыларды мейрамымен құттықтады. Дәстүр бойынша 11 сынып оқушылары пән мұғалімдеріне гүл шоқтарын таратты.
16.04.2017 ж күні мектебіміздің АКТ залында «Жоба 25 ән» концерті өтті. Ұйымдастыру мақсатымыз оқушыларға қазақ әндерін таныту. Оқушыларымыз белсене қатысып, қонақтарымыз жақсы көңіл күйде қайтты. Жәнеде директорымыз сөз алып әлі жалғасын табатынын сөз қылды.
24 наурыз күні мектептің АКТ залында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқауға 6 – 8 – 10 сыныптар қатысты. Байқау шарты 1 ұстаз бен 1 сынып оқушысы қатысады. Байқауды ұйымдастыру мақсатымыз мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыру. Байқау өз деңгейінде өтті. Бас жүлдені 10 «Ә» сыныбы Парманқұлова Айнұр, Сүйінші Айгерім иеленді.
Сәуір айының 8 күні «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларымен Ғ.Байтасовқа гүл шоғын қою рәсімін өткіздік. Мақсатымыз оқушыларға батырымызды таныстыру.
Сәуірдің 15 күні мектебімізде «Гүлдене бер, Таразым» экологиялық акциясы өтті. Акцияны өткізу мақсатымыз мектеп ауласы мен көшелерін көгаландыру және «ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл» болуына орай 25 тал түп ағаштарын отырғызу. Оқушыларымыз сирен, қарағай, жеміс – жидек, шырша ағаштарын отырғызды.
6 – 12.04.2017 ж күн аралығында «Ғарышкерлер күні» мерекесіне орай сурет көрмесі ұйымдастырылды. 1 стендімізде оқушыларымызға ғарышкерлеріміздің өмірбаянын, ғарышқа ұшқан жылдарын баяндап жазғанбыз. 2 стендімізде оқушыларымыз қалай елестететінін сурет арқылы білдірді
14 – 15.04.17 ж күндері аралығында мектепшілік ЖИҚ байқауы өтті. Байқауымыз 6 – 7 – 8 сыныптар арасында өтті. Жарысымыз 6 кезеңнен өтті.
Қорыта келе І орынды 6 «А» сыныбы «Болашақ қорғаушылар» тобы, 7 «Ә» сыныбы «Жол белгілері» тобы, 8 «Г» сыныбы «Жас Ұлан» топтары иеленді.
29.04.17 ж күні мектебімізде «Татулық достықтың киелі мекені» ұлттар сайысы өтті. Сайысқа 7 – 8 сыныптар қатысты. Оқушыларымыз жарысқа белсене қатысты. Жарысқа әзірбайжан, қытай, өзбек, чечен, беларус, араб, үндістан, түрік, испан, болгар, молдаван ұлттары қатысты. Жарысымыз 3 кезеңнен өтті.
Қорыта келгенде Бас жүлде 8 «А» сыныбы үндістан ұлты иеленді.
2.05.2017ж күні мектебімізде «Алға Қазақстан» патриоттық би байқауы өтті. Байқауға 6 – 7 сынып оқушылар арасында өткіздік. Байқау шарттары әр сынып 1 хор, 1ән және шығу тарихтарын айтып шығулары керек болды. Әділқазылар алқасы болып АӘД пәнінің мұғалімі – Байбосынов Әбдіманап, ДОІЖО – Нарымбетова Гүлбақыт, Мектеп президенті – Балабек Айгерім. Бас жүлдені 6 «Г» сыныптары иеленді.
Мамырдың 25 күні «Алтын ұя» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға Мемлекеттік Ту кіргізілді. Мектеп бітіруші жас түлектер мен мектеп оқушыларымыздың жетістіктерін атап салтанатты жиынымызда жүргізіп өткізілді. Жиынымызға келген қонақтарымызбен таныстырылды.
1.Ауыл ақсақалы, квартал комитеті – Өскенбаев О
2.Қалалық білім бөлімінің әдіскері – Шеримова Г
3.Тараз қалалық мәслихатының депутаты – Мәуленов Н
Сонымен қатар мектеп директоры Есеева Рахия Райқұлқызы сөз алып мектеп оқушыларына және жас түлектерге құттықтау сөзін айтып тілегін білдірді. Салтанатты жиынымызда 1 сынып оқушылары бітіруші жас түлектерге өлең шумақтарын тарту етті. 11 сынып оқушысы Әлімғазиева Жанерке «Қош бол, мектебім» әнін тарту етіп, 10 сынып оқушылары флешмоб биледі. Мектеп бітіруші жас түлектердің сынып жетекшілеріне, ата – аналарына сөз беріліп, мектеп бітіруші түлектеріміз қоштасу вальісін биледі.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
2016 - 2017 оқу жылындағы оқушылардың ұйымға қабылдануы
№Атауы 2015 – 2016 оқу жылында қабылданған 2016 – 2017 оқу жылында қабылданғанОқушылар саны
1«Жас Ұлан»101020
2«Жас Қыран»101020
Барлығы40
Мектеп тәлімгері Каримуллаева Ж.А
Аға тәлімгердің 2017 – 2018 оқу жылына арналған
жылдық жұмыс жоспары
Мақсаты:
•Тәрбиенің бағыттары бойынша оқушылармен сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастыру.
Міндеттері:
•Мектепшілік, қалалық, облыстық сыныптан тыс іс – шараларға оқушыларды қатыстыру;
•Қайырымдылық акцияларын өткізу;
•Ақсақалдар алқасымен жұмысты жандандыру.
№Іс – шара атауыЖұмыс түріМерзімі Жауаптылар
1Аға тәлімгердің жылдық жоспарыЖоспарлау Тамыз Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
2Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына дайындық жүргізуҰйымдастыру Тамыз Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
3«Абайлаңыз, балалар!» айлығының жоспарын жасауЖиын Қыркүйек Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
4«Сыңғырла күміс қоңырау» алғашқы қоңырау салтанатын өткізуЖиын ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
5«Мектепке жол» қайырымдылық акциясыАкция ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
Әлеуметтік педагог
Асанова Ғ.Е
6«Абайлаңыз балалар!» айлығыБақылау ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
7Ақсақалдар алқасы және ардагерлермен біріккен жұмыс жоспарын бекітуЖоспарлау ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
8«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымының жұмыс жоспарын құру Жоспарлау ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
9Оқушылардың бос уақытының тиімді өтуін, мектепшілік үйірмеге қатысуын бақылауБақылау ҚыркүйекАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
10 Қарияларға көмек көрсетуБақылау, ұйымдастыруАй сайын Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
«Жас Ұлан»,
«Жас Қыран» ұйымы
1122 қыркүйек – Тілдер мерекесін өткізуЖиын Қыркүйек Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
12Қалалық қарттар үйінде қамқорлық акциясын өткізуАкция Қазан Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
«Жас Ұлан»,
«Жас Қыран» ұйымы
13«Ұстаздық еткен жалықпас...» мұғалімдер күніне арналған іс – шара Жиын ҚазанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
14
«Күз ханшайымы – 2017»
(7 – 8 сыныптар)Байқау ҚазанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
15«Күз береке» күзгі акцияҰйымдастыру ҚазанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
2 – 8 сынып жетекшілер
16«Өз құқығыңды білесіңбе?» КТК (8 – 9 сыныптар)Байқау Қараша Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
17Кезекшілік бақылауБақылау Қараша Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
18 Оқушылардың мектепшілік іс – шараға қатысуын бақылауБақылау Жыл бойы Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
19«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балар мен жасөспірімдер ұйымының басшысын сайлауБақылау Қараша Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
20Оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының жұмысыБақылау Қараша Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
21 ҚР тұңғыш президент күніне арналған шеруҰйымдастыру Желтоқсан Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
22Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан!» атты салтанатты жиынҰйымдастыру Желтоқсан Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
Сынып жетекшілері
23«Оқушылар портфолиосы» мектеп бойынша оқушылардың кітап, күнделіктерін тексеруБақылау Әр тоқсан сайынАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
Кітапханашы
Байменова Р.М
24Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» атты кешҰйымдастыру Желтоқсан Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
25Салауатты өмір салты бойынша «Шынықсаң – шымыр боласың» атты спорттық шара өткізуҰйымдастыру Қаңтар Дене шынықтыру мұғалімдері
26Қысқы демалысты қызықты өткізейік – ойындар
1.Ертегі әлеміне саяхат, қардан мүсіндер жасау.
2.Қар атысып ойнау, шаналар жарысы.
3.Мектеп іші секциялар жұмысы.Ұйымдастыру Қаңтар Дене шынықтыру мұғалімдері
Сынып жетекшілер
27Қалалық ЖҚИ байқауына дайындық Ұйымдастыру Ақпан Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
Дене шынықтыру мұғалімдері
28Қауіпсіздік қағидасы «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты мектепшілік сайыс өткізуҰйымдастыру АқпанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
29 Ауған соғысы ардагерлерінің есекерткіштеріне гүл қоюҰйымдастыру АқпанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
30 «Ал, қанекей, жігіттер!», «Ал, қанекей, қыздар!» байқауын өткізуҰйымдастыру АқпанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
31«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай құттықтау бұрыштарын ұйымдастыруҰйымдастыру АқпанАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
32«Ұлы Академик» Ө.Жолдасбековтың туылған күніне іс – шара өткізу Ұйымдастыру Наурыз Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
33«Әлемді тербеткен ана» мерекелік іс – шара Жиын НаурызАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
ДТІЖО
Әбдіхалық Н.Ә
34«Гүлдене бер, Таразым!» қалалық акцияға қатысуҰйымдастыруНаурызАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
35ЖҚИ жасағының слетына дайындықБақылауНаурызАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А Дене шынықтыру мұғалімдері
36«Әз – Наурыз» мерекелік іс – шара (1 – 11 сынып)ҰйымдастыруНаурызАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
37Бүкілдүниежүзілік Денсаулық күні Ұйымдастыру Сәуір Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
Дене шынықтыру мұғалімдері
38«Гүлдене бер, Таразым!» экологиялық акцияға қатысуҰйымдастыру СәуірАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
391 – сәуір күлкі күні
«Әзіл – оспақ кеші»
(7 – 11 сынып)Ұйымдастыру СәуірАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
40«Ғарышкерлер күні» мерекесі
1.Ән – тақпақтар ғарыш мерекесіне арналған
2.Сөз жұмбақтар
3.Сурет көрмесі Ұйымдастыру СәуірАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
41Қалалық ЖҚИ байқауына қатысу Байқау Сәуір Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
42«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына өтуге оқушыларды дайындауҰйымдастыру Мамыр Аға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
43«Жасасын, Бейбітшілік!» фестиваль (7 – 8 сынып)Ұйымдастыру МамырАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
44«Жеңіс күні» тыл ардагерлерімен кездесуҰйымдастыру МамырАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
45Жеңіс күніне арналған іс – шара (2 – 11 сыныптар)Жиын МамырАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
46Соңғы қоңырауға арналған салтанатты лездеме Жиын МамырАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
47 Жылдық есеп беру Сараптама МамырАға тәлімгер
Каримуллаева Ж.А
1.Аға тәлімгердің апталық жұмыс жоспары
І аптаІІ апта ІІІ апта ІV апта
Тамыз
Аға тәлімгердің жылдық жоспарын құруАлғашқы қоңырау салтанатты жиынына дайындық жүргізу «Абайлаңыз, балалар!» айлығының жоспарын жасау
Қыркүйек
«Сыңғырла күміс қоңырау» алғашқы қоңырау салтанатын өткізуАқсақалдар алқасы және ардагерлермен біріккен жұмыс жоспарын бекітуҚарияларға көмек көрсету
«Абайлаңыз, балалар!» айлығы«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымының жұмыс жоспарын құруОқушылардың бос уақытының тиімді өтуін, мектепшілік үйірмелерге қатысуын бақылау22 қыркүйек – Тілдер мерекесін өткізу
Қазан
Қалалық қарттар үйінде қамқорлық акциясын өткізу«Ұстаздық еткен жалықпас...» мұғалімдер күніне арналған іс – шара «Күз ханшайымы – 2017»
(7 – 8 сыныптар )«Күз береке» күзгі акция. Қарияларға көмек көрсету
Қараша
Кезекшілік бақылау. Оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының жұмысыОқушылардың мектепшілік іс – шараларға қатысуын қадағалау«Өз құқығыңды білесің бе?» КТК
(8 сыныптар). Қарияларға көмек көрсету«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысын сайлау
Желтоқсан
ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған шеруТәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан!» атты салтанатты жиын«Оқушылар портфолиосы» мектеп бойынша оқушылардың кітап, күнделіктерін тексеруЖаңа жыл мерекесіне арналған «Жасыл шырша жанында» атты кеш
Қаңтар
Салауатты өмір салты бойынша «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық шара өткізуҚысқы демалысты қызықты өткізейік – ойындар
1.Ертегі әлеміне саяхат, қардан мүсіндер жасау.
2.Қар атысып ойнау, шаналар жарысы.
3.Мектеп іші секциялар жұмысы.Қарияларға көмек
Ақпан
Қалалық ЖҚИ байқауына дайындық«Ал, қанекей, жігіттер!», «Ал, қанекей, қыздар!» байқауына өткізуҚауіпсіздік қағидасы «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты мерекелік іс – шара өткізу«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай құттықтау бұрыштарын ұйымдастыру
Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл қою
Наурыз
«Ұлы Академик» Ө.Жолдасбековтың туылған күніне іс – шара өткізу«Гүлдене бер, Таразым!» қалалық акцияға қатысуЖҚИ жасағының слетына дайындықҚарияларға көмек көрсету
«Әлемді тербеткен ана» мерекелік іс – шара«Әз – Наурыз» мерекелік іс – шара (1 – 11 сынып)«Оқушылар портфолиосы» мектеп бойынша оқушылардың кітап, күнделіктерін тексеру
Сәуір
Бүкілдүниежүзілік Денсаулық күні «Гүлдене бер, Таразым!» экологиялық акцияға қатысуҚалалық ЖҚИ байқауына қатысуҚарияларға көмек көрсету
1 – сәуір күлкі күні
«Әзіл – оспақ кеші»
(7 – 11 сынып)«Ғарышкерлер күні» мерекесі
1.Ән – тақпақтар ғарыш мерекесіне арналған
2.Сөз жұмбақтар
3.Сурет көрмесі
Мамыр
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына өтуге оқушыларды дайындау«Жеңіс күні» тыл ардагерлерімен кездесуЖеңіс күніне арналған іс – шара (2 – 11 сыныптар)Соңғы қоңырауға арналған салтанатты лездеме
«Жасасын, Бейбітшілік!» фестиваль
(7 – 8 сынып)Жылдық есеп беру
2.«Жас Ұлан» ұйымының жылы бойынша жүргізілетін жұмыс жоспары
№Өткізілетін іс – шаралар Қатысушылар Уақыты Жауапты
Похожие публикации:
17 август 2017 Мектеп туралы
17 август 2017 «Ақбастау» тәрбие орталығының 2015-2016 оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарына сараптама
16 август 2017 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығы.
12 июнь 2017 Оқушы мен мұғалім жетістіктері